Тіркелу

Болашақ онжылдықтың инвестициялары үшін басым бағыттар

Табысты инвестор үшін келесі қадам қандай болуы керек?
Бүгінгі заман шапшаң қарқынмен дамып, жетіліп келеді. Өз кезегінде болашақтың технологиялары қазіргі әртүрлі салаларда қолданылатын дәстүрлі әдістемелерді біртіндеп ауыстыруда.

UBK Markets компаниясы келесі 10 жыл міндетті түрде өзгерістер онжылдығы болады деп есептейді.

Блокчейн, жасанды интеллект, роботтандыру, гаджеттендіру, 3D-баспа және басқа да инновациялар өмірімізге белсенді ендіріліп, оның ажырамас бөлігіне айналуда.

Егер соңғы онжылдықта инвестициялар үшін ең пайдалы бағыт технологиялық сектор болса, келесі 10 жыл технологияның өзі тікелей өзгертетін секторларға инвестиция салумен байланысты болмақ.

Сонымен, қазір инвесторларға өз портфельдерін дайындау үшін, инвестициялық стратегияны қалыптастыру және ашылатын перспективаларды мейлінше тиімді пайдалану үшін нағыз орайлы уақыт.

Қандай бағыттар инвестициялар үшін ең пайдалы болмақ?

UBK Markets компаниясы талдау бөлімінің мамандары мұндай болашақ келесі бағыттарға тиесілі деп есептейді:

  • Телекоммуникациялық технологиялар
  • Ақпараттық технологиялар
  • Қаржылық технологиялар
  • Инновациялық шикізаттық технологиялар
Телекоммуникациялық технологиялар

Қазір біздің өмірімізді ұялы телефондар, компьютерлер, интернет түріндегі үйреншікті болып кеткен байланыс құралдарынсыз елестету қиын. Бүгін таңда телекоммуникациялық инфрақұрылым секторы серпінді даму және жетілу кезеңінде тұр. Жекелеген компанияларда да, олардың құрылымдық бөлімшелерінде де байланыс ұйымдастыру жөнінде түрлі шешімдер белсенді әзірленуде және ұсынылуда.

2021 жылдың қаңтарындағы дерек бойынша, жер бетіндегі халықтың саны шамамен 8 миллиардты құрайды, олардың ішінде 4 миллиардтай адамның интернетке қолжетімдігі бар болса, таяудағы 10 жылда оған барлығының қолы жетімді болады деп болжануда.

Бұдан басқа, жақын арада ұялы байланыстың бесінші буыны іске қосылмақшы, сонда жүктелу ғаламат жылдамдықпен жүзеге асады да, кідіріс уақыты 1-ден 4 миллисекундты ғана құрайтын болады.

Демек, жаһандық компьютерлік желі және телекоммуникациялық прогресс бизнес пен қызметтердің көптеген жаңа түрлерінің бұрынғыдан да қуатты қозғаушысына, яғни, перспективалы инвестициялық құралдарға айналады.

Ақпараттық
технологиялар

Замануи әлемдік болмыс өмірдің барлық салаларына өзгерістер енгізіп жатыр және ақпараттық технологиялардың жүзеге асырылуы мен жұмыс істеуінің жаңа ережелерін айқындайды.

Жасанды интеллектті пайдалану таяудағы уақытта жаңа деңгейге шығып, оны неше түрлі салаларға – денсаулық сақтауға, өнеркәсіпке, білімге, экологияға, ғылымға, ойын-сауыққа, қауіпсіздікке, бизнес пен адамдардың мемлекетпен қарым-қатынасына – енгізуге септігін тигізеді.

Оны қойып, жасанды интеллект адамның мүмкіндіктерін анағұрлым кеңейте алады және адам миының ақпаратты өңдеуге және деректер мен оқиғалардың арасындағы байланысты табуға шамасы жетпейтін жерде оған жаңа білім бере алады.

Қаржылық технологиялар

Технологиялық прогрестің қаржы саласына ықпалы анық. Аз уақыт өткеннен кейін адамдардың көпшілігі сатып алған тауарларына төлемді сандық түрде жиі жасайтын болады, ал бұл өзіміз сол түрінде үйренген ақшаның мүлде жойылуна алып келеді.

Бұл функцияның жүзеге асуы делдалдықсыз қауіпсіз қаржы операцияларын жасауға мүмкіндік беретін блокчейн деп аталатын көпфункциялы және көпдеңгейлі ақпараттық технологияның көмегімен атқарылуы мүмкін. Қазірдің өзінде блокчейн адам өмірінің түрлі саласына кіріктірілген және сандық әлемдегі жаңа құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін негізге айналды.

Жаңа қаржылық технологиялар қаржылық қызмет көрсететін банк мекемелері мен компаниялардағы үлкен деректермен (Big Data) жұмыс істеу мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.

UBK Markets компаниясы мамандарының пікірінше, электрондық төлемдер, банктер, сандық активтер, жасанды интеллект технологияларының нарығы көп үміт күттіретін инвестициялық мүмкіндіктер болып табылады.

Инновациялық шикізаттық технологиялар

Жыл өткен сайын табиғи шикізаттар азаюда, түрлі экономика салалары тауарларын өндірудің ұлғаюын және бұл тауарларға сұраныстың өсуін ескергенде, металдың, электр қуатын өндіруге пайдаланылатын шикізаттың және басқа да табиғи ресурстардың бағасы тек өсе беретін болады.

Сондықтан біздің ойымызша, шикізат нарығы секторына құйылатын ұзақ мерзімді инвестицияларға мүдделілік тек өсе бермек, демек бұл бағыт та таяудағы 10 жылда инвестициялық жобалар үшін перспективалы болып табылады.

Бұдан басқа, ерекше назар аударатын дүние – жасыл технологиялар (Greentech).

Еуропалық одақ, Ұлыбритания, Жапония, Корея Республикасы және тағы да 110-нан астам елдер шешім қабылдап, 2050 жылға қарай көміртектік бейтараптықты қамтамасыз етуге міндеттеме алды, ал Қытай мұны 2060 жылға дейін істеуге міндеттенді.

Осынау оңай емес мақсаттарға қол жеткізу үшін нормативтік актілер, инвестициялар мен субсидиялар 4 аспектіге негізделуі тиіс:

  • қазба отыннан алынатын энергияны жаңғырмалы энергияға ауыстыру;
  • қазба отынмен жұмыс істейтін көлік құралдарын аккумулятор орнатылған электромобильдерге ауыстыру;
  • экологиялық тұрғыдан таза сутегілік энергетикаға көшу;
  • сандық шешімдердің көмегімен тиімділікті арттыру.

Біздің компанияның мамандары телекоммуникациялық, ақпараттық, қаржылық және инновациялық шикізаттық технологиялардағы инвестициялық мүкіндіктерге басымдық берді, өйткені таяудағы 10 жылда нақ осы секторлардың негізді де көп үміт күттіретін перспективалары бар екендігіне сенімді.

Әлемде дүниенің бәрі ғаламат жылдамдықпен өзгеріп жатыр, біз жаһандық өзгерістер мен қайта жаңару кезеңінде өмір сүрудеміз.

Сіздің инвестициялық портфеліңіз дамудың келесі қадамына дайын ба?
UBK Markets компаниясымен бірлесе отырып, біздің ұсынымдарымызды басшылыққа ала және ұсынылған құралдарды, технологиялар мен сервистерді пайдалана отырып, Сіз өзіңіздің инвестициялық портфеліңізді сауатты қалыптастыра аласыз.